ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2020 | 16:36
Әлеммен бірге біз де жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келдік - Әшімбаев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жоғары палатаның өткен сессиядағы жұмысын қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жоғары палатаның өткен сессиядағы жұмысын қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол өткен сессияда Парламент бірқатар маңызды заңдарды қабылдағанын атап өтті.
"Бұл кезең еліміз үшін оңай болған жоқ. Әлеммен бірге біз де жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Осындай сәтте Президентіміздің басшылығымен ел экономикасын қалпына келтіруге, халықтың әл-ауқатын түзетуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Сол бастамаларды және еліміздің стратегиялық саясатын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының Сенаты да өзінің үлесін қосты. Жалпы, бұл сессияда Парламент ел игілігіне қызмет ететін бірқатар маңызды заңдар қабылдады", - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев Сенат отырысында.
Осы орайда ол елімізді демократиялық даму жолына бастайтын заңдар топтамасына тоқталды.
"Осы бағыттағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне арналған заңды азаматтардың құқығын қамтамасыз ету үшін жасалған үлкен прогрессивті қадам деп қабылдау керек. Партиялық жүйені жетілдіруге, парламенттік оппозиция институтын қалыптастыруға арналған заңдар да еліміздің саяси өміріне ерекше серпін беретіні анық. Осы сессияда зорлық көрсеткендерге, педофилдерге, есірткі және адам саудасымен айналысқандарға, браконьерлерге қылмыстық жазаны күшейтетін заңдар қабылдадық", - деді Сенат төрағасы.
Мәулен Әшімбаев қоғам тарапынан қолдауға ие болған заңдардың қатарында "Педагог мәртебесі туралы" заң да бар екенін жеткізді.
"Сонымен қатар, қоғамда қызу талқыға түскен "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс те халықтың талап-тілегі ескеріле отырып жетілдірілді. Түрлі сын-қатерлерге қарсы тұруға, экономикамызды қалпына келтіріп, әрі қарай дамытуға қажетті заңдар да қабылданды. Осылайша, Президентіміз былтырғы Жолдауда және сайлау алдындағы бағдарламасында, сондай-ақ, пандемияға қарсы күрес аясында айқындап берген басымдықтар заңмен бекітілді", - деді ол.
Сенат төрағасы депутаттар әр заңды қабылдар кезде қоғамның пікірін ескеріп, көпшіліктің үніне құлақ асқанын атап өтті. Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асырудағы нәтижелі жұмысы үшін сенаторларға алғысын білдірді.
Показать комментарии
Читайте также