"Әліби ісі". Сот Жамалиевтің өтінішін қанағаттандырмады

© Тұрар Қазанғапов

Алматы облысыны? соты бизнесмен ?айрат Жамалиевті? ?ал?ан мерзімін же?ілдеу жаза т?ріне ауыстыру туралы ?тінішін ?ана?аттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облысының соты бизнесмен Қайрат Жамалиевтің қалған мерзімін жеңілдеу жаза түріне ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сотталушының өтінішін қанағаттандырмау туралы шешім шығарарда сот мекеме әкімшілігінің (Жамалиевке) берген оң мінездемесін оның түзелгеніне толық дәлел бола алмайтынын ескерді. Қылмыстық кодекс бойынша, жаза әлеуметтік әділдікті орнату үшін қолданылады. Сот бұл мерзімде әлеуметтік әділдік орнаған жоқ деген шешімге келді", - дейді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Ведомство өкілдері өтініш адвокаттардың жеке шағымы ретінде қаралғанын атап өтті. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 2015 жылдың тамызында астаналық 46 жастағы кәсіпкер Қайрат Жамалив Әліби Жұмағұловты ұрып-соққаны үшін бірнеше бап бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жамалиевпен бірге оның жүргізушісі Анатолий Прибытков та ұсталған болатын.

Ал биыл 23 маусымда Бас прокуратура Жамалиевтің ісіне қатысты түсініктеме берген болатын. Бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов астаналық бизнесмен Қайрат Жамалиевтің жазасы 13 жылдан 6 жылға дейін жеңілдетілді деген БАҚ-та шыққан ақпаратқа қатысты Facebook арқылы түсініктеме берді. 

25 шілдеде кассациялық соттық істі қайта қарауы бойынша Жамалиевтің жазасы 13 жылдан 7 жылға азайтылғаны белгілі болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама