ПОДЕЛИТЬСЯ
20 ақпан 2020 | 22:38
Алик Айдарбаев жаңа қызметке сайланды
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев "Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы" президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев "Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы" президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде "Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс есептік сайлау отырысы өтті. Кездесуге ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы президенті Әнуар Садықұлов, "Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы" президенті Ғалымжан Есенов, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және құрылтай кеңесінің мүшелері қатысты.
Федерацияның бас директоры Валихан Тен ұйымның өткен жылғы жұмысы туралы баяндады.
Жиын барысында "Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы" Президентін сайлау мәселесі көтерілді. Аталған қызметке "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев сайланды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елімізде аралас жекпе-жектің қарқынды дамып келе жатқанын, алдағы міндеттері туралы атап өтті.
"Олимпиадалық емес спорт түрлері дамып жатқан кезде спорттық федерациялардың жұмысын біріздендіру маңызды. Бүгінгі таңда елімізде бұқаралық спорт түрлері жақсы дамып келеді. Бұл бағытта аралас жекпе-жек федерацияларының басын біріктіріп оны басқарып отырған Ғалымжан Шахмарданұлының жұмысын атап өту керек", - деді Ақтоты Рахметоллақызы.
Өз кезегінде, Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы президенті Әнуар Төлеуханұлы еліміздің халықаралық спорттық имиджін қалыптастырудағы аралас жекпе-жектің маңызын айтты.
"Бір жылда Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы көп жұмыс атқарды. Осы орайда Ғалымжан Шахмарданұлы басқарған Федерация еліміздің халықаралық аренадағы имиджін лайықты тұрғыда көтерді. Еліміздің спортшылары халықаралық дәрежеде таныла бастады. Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы атынан Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясының бұрынғы басшылығына алғыс білдіріп, жаңа сайланған Алик Айдарбаевқа сәттілік тілеймін", - деді Әнуар Төлеуханұлы.
Показать комментарии
Читайте также