Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаздан" не үшін кеткені белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаздан" не үшін кеткені белгілі болды Фото: kmg.kz

Алик Айдарбаев денсаулығына байланысты "ҚазМұнайГаз" басшысы қызметінен кетті. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алик Серікұлы Айдарбаев денсаулығының нашарлауына байланысты өз еркімен жұмыстан босату туралы арыз берді. Осыған байланысты мәселе алқада, сондай-ақ уәкілетті органдарда қаралып, шешім қабылданды", - деп түсіндірді Ауғанов қордың онлайн брифингінде.

Бұған дейін Алик Айдарбаевтың "ҚазМұнайГаз" төрағасы ретіндегі өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылғаны хабарланған болатын. Оның орнына Құрманғазы Есқазиев "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама