31 мамыр 2019 12:23

Алик Шпекбаев Ақмола облысында ауыл тұрғындарымен кездесті

Алик Шпекбаев Ақмола облысының ауылдық жолдарының сапасын арттыруды тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алик Шпекбаев Ақмола облысының ауылдық жолдарының сапасын арттыруды тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекеттік аппараттың жұмысы халықтың өмір сапасы деңгейінің артуы арқылы бағалануы тиіс. Бұл жерде әлеуметтік нысандардың құрылысы, жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету салаларында біраз сұрақтар туындайды.

Реклама
Реклама

Шалғайдағы ауылдар мен аудандардың проблемалық жерлерін анықтау, тұрғындармен кездесу және оларды толғандыратын маңызды мәселелердің шешімін табу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Бұланды ауданының Алтынды ауылына ат басын бұрды.

Алтынды орта мектебінің қабырғасында ауыл тұрғындарымен кездесу барысында ауылды әлеуметтік-экономикалық дамытудың мәселелері, оның ішінде жол құрылысы мәселелері талқыланды.

"Жолдарды жөндеуге мемлекет қомақты қаражат бөлуде. Бүгінгі таңда әрбір азамат бұл жұмысқа бақылау жүргізе алады. Егер азаматтар жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасыздығына көз жеткізсе, ол туралы уәкілетті органдарға хабарлай алады", - деп Алик Шпекбаев мәлімдеді.

Жол мәселесімен қатар ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Кездесу соңында Алик Шпекбаев өңір басшылығын әлеуметтік-кэономикалық мәселелерді шешуге, соның ішінде жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыруға шақырды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360668/thumb_m/photo_122996.jpeg"
    "title" => "Ақмола облысында 280 мопед жүргізушісі жауапқа тартылды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/akmola-oblyisyinda-280-moped-jurgzushs-jauapka-tartyildyi-360668/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360560/thumb_m/photo_122873.jpeg"
    "title" => "Ақмола облысында полицейлердің мас жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/akmola-oblyisyinda-politseylerdn-mas-jurgzushn-kugan-sat-360560/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360558/thumb_m/photo_122871.jpg"
    "title" => "Ақмола облысында кеңседен сейфті ұрлағандар видеоға түсіп қалды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/akmola-oblyisyinda-kenseden-seyft-urlagandar-videoga-tusp-360558/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360480/thumb_m/photo_122781.jpeg"
    "title" => "Ақмола облысында алаяққа сенген зейнеткер банкке 7 миллион теңге қарыз болып қалды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/akmola-oblyisyinda-alayakka-sengen-zeynetker-bankke-7-360480/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360439/thumb_m/photo_122731.jpeg"
    "title" => "Ақмола облысында тұрғындар алаяқтарға сеніп, 32 миллион теңгеден айырылып қалған"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/akmola-oblyisyinda-turgyindar-alayaktarga-senp-32-million-360439/amp/"
  ]
]