ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 қыркүйек 2024 12:52
Алма Мұқанова вице-министр қызметінен босатылды
Алма Мұқанова әділет вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұқанованы қызметінен босату туралы Үкімет қаулысы республиканың нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің платформасында жарияланды.
"Алма Қайратқызы Мұқанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі қызметінен босатылсын", - делінген Үкімет қаулысында.
Айта кетейік, Алма Мұқанова бұл қызметке 2022 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу