Алматы әкімдігі 300 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр

Алматыда к?лік реформасы аясында 11,5 миллиард те?геге 300 жа?а автобус сатып алу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда көлік реформасы аясында 11,5 миллиард теңгеге 300 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз мәслихаттың келесі сессиясына ұсыныс дайындап қойдық. Олардан 11,5 миллиард теңге сұрап отырмыз. 300 жаңа автобус сатып алмақшымыз. Автобустың төрт категориясын сатып алғымыз келеді. Әзірше нақты шешпедік, бұл мәселе талқыланып жатыр", - деді Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Оның айтуынша, 32 - алты метрлік, 45 - 10 метрлік, 200 - 11 метрлік, 20 - 20 метрлік автобустарды сатып алу жоспарда бар. Сондай-ақ, Мақсұт Исахов "Алматыэлектротранс" үшін 60 автоубстың сатып алынғанын айтты.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама