Алматы әкімдігі мен Кеңес Рақышев меморандум жасасты

Әкімдіктен жолданған сурет

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кәсіпкер Кеңес Рақышевпен және Мағжан Әуезовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар алдағы серіктестік жайын талқылады, сонымен қатар, 2015-2017 жылдарға арналған меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараптар 300 миллиард теңгеге меморандум жасасты, ол түрлі жобаларды қаржыландыру үшін бөлінеді, арасында мектептердің, спорт алаңдарының, жаңа нысандардың құрылысы мен қайырымдылық бар.

"Негізгі мақсат - Мемлекет басшысы насихаттап жүрген әріптестік. Қазком барлық бағдарлама бойынша серіктес болуға дайын екенін білдірді. Бізге селден зардап шеккен Наурызбай ауданына көмектесу мүмкіндігі берілді. Қазір бізде 1200 орындық мектеп құрылысына инвестиция құйсақ деген ниет бар. Біз бұл жұмысты бастауға дайынбыз. Қазком қаланың дамуына әрдайым үлес қосып жүреді", - деді Қазкомның бас акционері Кеңес Рақышев.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама