Алматы әкімдігі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты төлем алушыларды дүрбелең туғызбауға шақырды

Көрнекі сурет

Алматы ?аласы Ж?мыспен ?амту ж?не ?леуметтік ба?дарламалар бас?армасыны? ?кілдері же?ілдік алушы ?алалы?тарды ?Р Т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына байланысты т?лем ?шін д?рбеле? ту?ызбау?а ша?ырды. Бас?арма басшысыны? орынбасары Мейіржан Отыншиевты? айтуынша, а?ша алу ?шін еш?андай да ??жат тапсыруды? ?ажеті жо?. Б?л туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері жеңілдік алушы қалалықтарды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты төлем үшін дүрбелең туғызбауға шақырды. Басқарма басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиевтың айтуынша, ақша алу үшін ешқандай да құжат тапсырудың қажеті жоқ. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады.

"Құжат жинап, өтініш жазудың және бір жаққа барудың қажеттілігі жоқ. Ақша Алматы қаласы бойынша "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" базасындағы тізімнің негізінде төленеді. Ешқандай да дүрбелең туғызудың қажеті жоқ. Ақша олардың зейнетақы мен жеңілдік алатын есепшоттарына түседі. Бұл мәліметтер бізде бар", - деді Отыншиев.

Сөйтсек, қалалықтар бір-біріне WhatsApp арқылы отбасында балалар саны төртеуден көп болса ғана төлем ала алады деген мәндегі хабарлама таратып жатыр екен. Басқармадағылар бұл хабарламаға қатысты былай дейді: 

Реклама
Реклама

"Алматы қалалық Мәслихатының №62 шешімімен төлемдерді "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағына ие болғандар, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған аналар алады. Айта кетейік, бізде "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" алты және одан да көп бала босанып, тәрбиелегендер марапатталады", - дейді басқармадағылар.

Айта кетейік, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бір реттік төлемдер туралы айтып берген еді. Айтуларынша, Алматыда тұратын жеңілдік қарастырылған тұлғалар келесі аптадан бастап төлемдер ала бастайды. Қазақстанның Тәуелсіздік күніне жергілікті бюджеттен үнемделген қаражат есебінен оларға 50 мың теңгеден төленеді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бір реттік төлемдер туралы мына жерден толық оқып-біле аласыздар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама