Алматы әкімдігі жаңажылдық безендіруге тағы 429 миллион теңге бөлуді сұрады

© Tengrinews.kz

?алалы? м?слихатты? экономика ж?не бюджет т?ра?ты комиссиясыны? отырысында Алматы ?кімдігі депутаттардан ?аланы жа?а жыл?а безендіруге та?ы 429 миллион 323 мы? те?ге с?рады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет тұрақты комиссиясының отырысында Алматы әкімдігі депутаттардан қаланы жаңа жылға безендіруге тағы 429 миллион 323 мың теңге сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ілияс Өсеров бұл ақшаның аудандық әкімдіктерге бөлінетінін айтты.

"Біз мәдениет басқармасына жаңа жылдық безендіруге ақша беріп қойдық. Бірақ ол ақша басқармадағыларға жетпей жатыр, себебі олар қаламыздың басты бөліктерін безендіреді. Аудандағылар осы ақшаға өздері магистральдық көшелер мен көпірлерді безендіруі керек. Бірыңғай концепция болуы тиіс, әрине, пішіндері әр түрлі болса болады, бірақ түстер бірдей болуы керек", - деді ол.

Реклама
Реклама

Отырыс барысныда депутаттар басқармадағылардың ақша бөлу туралы ұсыныстарын қабылдады. Соңғы шешім Алматы мәслихатының кезекті сессиясында қабылданады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама