Алматы әкімдігінің басқарма басшысы тазаланбаған қар үшін жұмысынан босатылды

Таби?и ресурстар ж?не таби?атты пайдалануды реттеу бас?армасыны? басшысы Эльдар Кильдибаев ?ызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?кімдігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қар тазалау жұмыстары мәселесіне қатысты жиын өткізді. Онда аудан әкімдері, басқарма басшылары мен қалалық коммуналдық қызметтегілер қатысқан.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жұмысы нашар деп бағаланған. Нәтижесінде Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қызметінен босатылды.

Реклама
Реклама

"Біз былай деп айтамыз: Алматы - адам тұратын қала, алайда жолдар, қиылыстар әлі күнге дейін тазаланбаған. Тұрғындардың жайлы жағдай жасау керек. Қоғамдық көлік қатынайтын жолдарды тазалау керек", - деді Бауыржан Байбек.

"Жиын қорытындысы бойынша Алматы әкімі аудан әкімдіктегілеріне, сондай-ақ, қаладағы барлық қызмет өкілдеріне қар жауған кезде осындай жағдай қайталанбас үшін қажетті шараларды ойластырып қоюын тапсырды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама