ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 қараша 2016 11:13
Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Алматы әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Онлайн көрсеткіш тақтада көрсетілген мәлімет бойынша, олар - Qazaq Air әуе компаниясының Шымкенттен келетін IQ378 рейсі, Air Astana әуе компаниясының Үрімшіден келетін КС988 және Ташкенттен келетін КС128 рейстері, сондай-ақ, Scat Airlines әуе компаниясының Өскеменнен келетін DV726 рейсі.
АХӘ метеорологиялық қызметінің мәліметі бойынша, Алматы әуежайы аумағындағы ауа температурасы 13 градус аязды көрсетіп тұр.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу