Алматы әуежайында тұманға байланысты рейстер кешіктіріліп жатыр

Алматы әуежайында тұманға байланысты рейстер кешіктіріліп жатыр Иллюстрация © Tengrinews.kz

Алматы әуежайында тұманға байланысты оннан аса рейс кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуежайдың анықтама қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты мына бағыттар бойынша рейстер кешіктірілді: Алматы - Қостанай; Алматы - Петропавл; Алматы - Ақтөбе; Алматы - Павлодар; Алматы - Астана; Алматы - Қарағанды; Алматы - Үрімші және Алматы - Шымкент. Рейстер 30 минуттан 6-7 сағатқа дейін кешігіп жатыр.

Анықтама қызметінің ақпараттары бойынша, Алматыға ұшып келу бойынша рейстер осы бағыттарда кешіктірілген. Сонымен қатар, Алматы әуежайының онлайн-таблосындағы мәліметтер бойынша, Астанадан үш рейс кешіктірілді, Шымкенттен екеу, Делиден екеу және Дубайдан біреу.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама