Алматы ауруханасында сәбилер қайтыс болды деген ақпаратқа қатысты түсінік берілді

Алматы ауруханасында сәбилер қайтыс болды деген ақпаратқа қатысты түсінік берілді © Narkozzz.ru

Алматыны? Денсаулы? са?тау бас?армасыны? ?кілдері бесінші ?алалы? ауруханада?ы т?тенше жа?дай туралы ?ауесет жайында пікір білдірді. ?аламторда б?л ауруханада наркоздан бірден ?ш с?биді? к?з ж?м?аны туралы а?парат тара?ан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бесінші қалалық ауруханадағы төтенше жағдай туралы қауесет жайында пікір білдірді. Ғаламторда бұл ауруханада наркоздан бірден үш сәбидің көз жұмғаны туралы ақпарат тараған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Реклама
Реклама

Басқарма өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарып отыр. "Мен таңданып отырмын. Жаңа ғана дәрігерден шықтық. Аденоидтарды кестіріп алып тастау бойынша операция алдында қан тапсырдық. Дәрігердің жүйкесі жұқарып, осындай операцияны жасау кезінде наркоздан үш балақайдың көз жұмғанын айтады. Бесінші жақ-бет ауруханасы. БІздің дәрігердің мазасы жоқ, у-шу, жиындар (...)", - дейд әйел қазақстандық форумдардың бірінде. 

Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасына осы мәселе бойынша хабарласқан еді. Басқарма өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

"Бұл жалған ақпарат. Бесінші ауруханада аденоидтарды кесіп алып тастау бойынша операция кезінде соңғы бес жылда бірде бір пациент көз жұмған емес", - дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Ләйлә Кеңесбаева. 

Еске салайық, жалған ақпарат таратқан адам алты жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама