Алматы дүкендерінде патогенді микрофлорасы бар тауық еті сатылған

Камила Долаева Журналист
© seyminfo.ru

Алматы дүкендерінде патогенді микрофлорасы бар тауық аяқтары сатылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау департаменті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы дүкендерінде патогенді микрофлорасы бар тауық аяқтары сатылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау департаменті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнім Жетісу ауданындағы екі дүкенде сатылған. Олар сатылымнан алынды.

"C1 тобындағы Salmonella tnteritidis, Salmonella патогенді микрофлоралары табылды. Тексеріс барысында аталған өнімдермен сәйкестікті растайтын құжаттар болмады. Дүкен басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазіргі уақытта департамент өкілдері осы өнім жеткізушілерін іздеу бойынша шаралар жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, алты дүкенде санитарлық ереже бұзушылық анықталды. Мекеме басшылары айыппұл түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылып, кемшіліктерді жою туралы нұсқаулық алды. Алматыдағы үш дүкенде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлар анықталды, олардың басшылығы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама