Алматы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының қызметіне Наиль Нуров тағайындалды

Алматы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының қызметіне Наиль Нуров тағайындалды © Alau.info

Алматы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының қызметіне Наиль Нуров тағайындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

48 жастағы Нуров "7-ші Қысқы Азия ойындарын және Алау эстафетасын өткізу жөніндегі қалалық дирекция" директоры қызметін атқарды. Кейін ол Астанадағы "Алау" мұз сарайының жетекшісі болып тағайындалды.

Нуров ұжымға таныстырылды. Ведомствоның мәліметінше, ол бүгін, яғни 1 қазанда қызметіне кіріседі. Алматы Мәдениет және спорт басқармасының бұрынғы төрағасы Қайырболат Қайдаров өз қалауымен қызметтен кеткен болатын.

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама