Алматы-Маңғышлақ пойызында жолаушы әйел босанып қалды

Видеодан алынған кадр

9 шілдеде Алматы-Ма??ышла? пойызыны? купесінде жолаушы ?йел ?ыз босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 шілдеде Алматы-Маңғышлақ пойызының купесінде жолаушы әйел қыз босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгердің айтуынша, келіншек анасымен және енесімен бірге Шымкенттен Алматыдағы перинаталдық орталыққа бара жатқан. Таңғы уақытта оның толғағы басталып кеткен.

Сондай-ақ, куәгерлердің айтуынша, вагон жолаушылары жолсеріктердің кәсібилігіне тәнті болған. Олар байбалам салмай, керісінше, келіншектің босануы үшін барлық қолдан келер мүмкіндікті жасаған.

Реклама
Реклама

"Алматыға дейін үш сағат уақыт қалған болатын. Купеде барлығы уайымдап, байбалам сала бастады. Сол кезде жолсерік келіп, барлығын тыныштандырды, тіпті айғайлады. Медбикені әкелді. "Керек болса, өзім босандырамын. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес қой!", - дейді жолаушылардың бірі Анар Нағашыбаева.

Ер адамның акушерлік іс бойынша тәжірибесі бар екені айтылады. Оның туған ұлы да пойызда дүниеге келген екен. Айтуынша, өз әйелін өзі босандырған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама