Алматы маңында оқу-жаттығу ұшағының құлауы: Тергеу шараларының қашан аяқталатыны анықталды

© Тengrinews.kz

Азаматты? авиация Комитеті ?кілдері ?ткен жылы тамызда "Технам 2002" ?уе кемесі Азем аэродромынан 2 ша?ырым жерде о?у-жатты?у тапсырмасын орындау барысында ??лап, курсант Айдар ?бішев пен ?ш?ыш инструктор Сергей Курченко ?аза бол?ан о?и?аны? тергеу шараларын ая?тауды жоспарлап отыр?анын м?лімдеді. Б?л туралы ведомство Tengrinews.kz тілшісіні? ресми сауалына осылай жауап берді. 

Азаматтық авиация Комитеті өкілдері өткен жылы тамызда "Технам 2002" әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындау барысында құлап, курсант Айдар Әбішев пен ұшқыш инструктор Сергей Курченко қаза болған оқиғаның тергеу шараларын аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомство Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына осылай жауап берді. 

Еске салайық, 2017 жылы 10 тамызда Алматы түбінде ұшақ құлаған. Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі. Курсант пен инструктор қаза тапты. 

Қазіргі уақытта ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастады.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу кезінде әуе кемесі жоғары көтеріліп, құлап, соның салдарынан ұшақ түгелдей өртеніп кеткен.

"Авиациялық оқиға дерегіне қатысты тергеу шараларын ҚР ИДМ комиссиясы жүргізіп жатыр. Комиссия құрамында әуе кемесін құрастырушы компаниялары Tecnam және ANSV - тергеу органдары (Италия), Rotax қозғалтқыштарын өндіру (Австрия) және оның ТМД-дағы өкілдігі "Авиагамма" ЖШҚ (Мәскеу) өкілдері қатысуда. Келісімшарттар мен ҚР ИДМ комиссиясының материалдарына сәйкес ВС-Tecnam және ANSV (Италия) өндіруші-зауыт 2017 жылы желтоқсан айының соңында істелген жұмыстар бойынша жауап жіберді. Ал Rotax қозғалтқышы қажетті тексерістен өтуі үшін Мәскеуге жіберілді", - деп хабарлады ҚР ИДМ.

Сонымен қатар, осы тергеу шарасына Мәскеудегі Халықаралық авиациялық комитеті (МАК) ұшақтың навигациялық құрылғысын тексеруге атсалысып, сот медициналық сараптама бойынша кейбір мәселелерді нақтылаужәне ұшақтың ұшу динамикасын есептеу шараларына қатысты. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама