Алматы маңындағы өзендерде су тасу қаупі бар

Алматы маңындағы өзендерде су тасу қаупі бар © Tengrinews.kz

Алматы және Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты алдын ала ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"30 шілдеде толассыз жаууы мүмкін делінген жауын-шашынға байланысты Алматы облысындағы өзендерде су тасқыны күтіледі", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Алматыда соңғы күндері найзағай түсіп, өткінші жаңбыр жауып жүр. Синоптиктердің мәліметінше, елімізде демалыс күндері де ауа райы найзағайлы болып, жаңбыр жауады.

Жарнама
Жарнама



Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама