Алматы мен Жамбыл облыстарында қатты желге байланысты ескерту жарияланды

© ru.sputnik.kg

4 тамызда Жамбыл мен Алматы облыстарында ?атты жел со?ады деп к?тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы ?аласыны? ТЖД-ны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. "?азгидромет" РМК-ны? ескертуі бойынша, екі облыста жел о?т?стік-батыстан со?ады, желді? к?ші секундына 18-23 метр, екпіні 30 метрден асады. 

4 тамызда Жамбыл мен Алматы облыстарында қатты жел соғады деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласының ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қазгидромет" РМК-ның ескертуі бойынша, екі облыста жел оңтүстік-батыстан соғады, желдің күші секундына 18-23 метр, екпіні 30 метрден асады. 

Құтқарушылар қатты жел кезінде үйдің барлық есік пен терезелерін нықтап жабуға кеңес береді. Сонымен қатар, балкон мен лоджилерден сыртқа құлап кетуі мүмкін барлық заттарды алып тастау керек. 

"Дауыл кезінде далада болып қалсаңыз жарнамалық және өзге де конструкциялар, ағаштардан, тоқ желілерінен алыс жүру керек. Төтенше жағдайдан аман болу үшін барынша сақ болу қажет", - дейді Алматының ТЖД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Қатты жел кезінде жақын маңдағы ғимаратқа тығылу керек (дүкен, сауда үйі, кинотеатр, үйдің кіре берісі). Сонымен бірге, биік ағаштар астына көліктерді қоймаған жөн. Шіріген, қураған жалғыз ағаштар маңында қауіп артады. 

Алматы қаласы ТЖД өкілдері төтенше жағдай кезінде абай болып, 112 телефоны арқылы жедел қызметке хабарласуға кеңес береді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама