Алматы метросы жұмыс кестесін өзгертті

Алматы метросы пойыздардың жүру уақытын сағат 00.00-ге дейін ұзартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы метросы пойыздардың жүру уақытын сағат 00.00-ге дейін ұзартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компаниядағылардың айтуынша, жолаушылардың өтініштеріне байланысты 12 қарашадан бастап алматылық метрополитен сағат 06.20-дан 00.00-ге дейін жұмыс істейді.

"Біздің мақсатымыз - мегаполис тұрғындарына метромен жүру үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Келесі жылдан бастап платформалар мен станциялардың касса залдарында келесі пойыздың қай уақытта келетіні көрсетілетін ақпараттық дисплейлер пайда болады", - деп хабарлады "Метрополитен" компаниясының баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 24 қазанда Алматы метросына сегіз пойызды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылғаны айтылады. Айтуларынша, 32 вагоннан, әрқайсысында төрт вагоннан болатын сегіз жылжымалы пойыз жеткізіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама