Алматы метросының экс-директоры Өкшебаев ұсталды

Мұрат Өкшебаев. © Роза Есенқұлова

"Метрополитен" КМК экс-директоры, Алматы мәслихатының депутаты Мұрат Өкшебаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақпарат дереккөзіне сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты мәслихаттың хатшысы Қалдыбай Қазанбаев растады. "Иә, ондай жағдай болды (...) Оны ұстады (Өкшебаевты - Авт.). Өткен аптада. Себебін білмеймін, тергеу органдары анықтайтын болады. Агенттік ұстады (мемлекеттік қызмет және сыбалас жемқорлыққа қарсы - Авт.). Менің бұл тақырыпты қозғағым келмейді, рақмет", - деді Қазанбаев телефон арқылы. Ол қандай бұлтартпау шарасының қолданылғаны туралы нақтыламады.

Алайда агенттіктің баспасөз қызметіндегілер метрополитеннің бұрынғы басшысы әрі қала мәслихаты депутатының ұсталуына қатысты ешқандай түсінік берген жоқ.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2009 жылы Өкшебаев 120 миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны үшін әріптестерімен бірге үй қамауына алынған болатын. Бұл жайтқа қатысты Алматы әкімі Ахметжан Есімов пікірін айтты, БАҚ жазды. Алайда кейін Өкшебаев босатылып, қызметіне оралды. Қазір ол қала мәслихатының депутаты.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама