Алматы облысында балалар лагеріндегі "әлімжеттік" дерегі тексеріліп жатыр

Алматы облысында балалар лагеріндегі "әлімжеттік" дерегі тексеріліп жатыр видеодан үзінді

Instagram желісіндегі Kaztwitter пара?шасында Алматы облысында балалар лагеріндегі бол?ан "?лімжеттік", ?орлы? видеолары жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Осы о?и?аны? видеосы Іnstagram желісінде пайда болды. 

Instagram желісіндегі Kaztwitter парақшасында Алматы облысында балалар лагеріндегі болған "әлімжеттік", қорлық видеолары жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Осы оқиғаның видеосы Іnstagram желісінде пайда болды. 

"Жаңаөзен тұрғыны Алматы облысы, Ақбұлақ кешенінде ұйымдастырылған жазғы демалыс лагеріне баласын жібергеніне өкініп отыр. Ата-ананың айтуынша, аталған лагерьде балаларды әскери тәртіпке салып, қорқытып-үркітіп ұстаған. Онымен қоймай, осы іс-әрекетін лагерь тәлімгерінің өзі видеоға түсірген", - делінген видеоның жазбасында.  

 Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер бұл деректің қараусыз қалмағанын және оларды анықтау үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. "Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы осы деректі анықтау үшін аттанып кетті. Ертеңдері бізге алдын ала мәліметтер белгілі болады", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Реклама
Реклама

Осы оқиғаны Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өз қарамағына алды.  

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама