Алматы облысында гербицидтен уланғандардың жағдайы тұрақтанды

©Ярослав Радловский

Дәрігерлер Алматы облысында гербицидтен уланғандардың жағдайы туралы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қапшағай қалалық ауруханаcы директорының орынбасары Айсұлу Оңғарованың айтуынша, жалпы 14 адам зардап шеккен, оның алтауы дәрігерлік көмекті қажетсінбеген, ал алты адам ауруханаға жатқызылған. Олардың бірнешеуінің жағдайы өте ауыр болған.

"Қазір науқастардың жағдайы "қанағаттанарлық" деп бағаланды. Жақында олар ауруханадан шығарылады",- деді Оңғарова.

Реклама
Реклама

Бұл мәселе Алматы облысында 27 сәуірде болған оқиғаға байланысты көтеріліп отыр. Белгілі болғандай, Жұмысшылар "Стомп" гербицидін қолданған. Оны олар арам шөпке қарсы пайдаланған. Негізі бұл препаратты картошка, соя, қызанақ және жүгері егер кезде пайдаланады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама