Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың өліміне қатысты тергеу аяқталды - адвокат

Алматы облысында ?лтірілген Жар?ынбек Долданны?, М??ият Зарылхановты? ж?не ?лімхан ?адылбекті? ?лімі бойынша іс Алматы облысыны? прокуратурасына жіберілді. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне к?діктілерді? бірі М?рат О?албаевты? адвокаты Меркебек М?кенбаев айтты. Сондай-а?, ?ш ер адамны? ?ліміне ?атысы бар делінген Тал?ат С?леймановты? ?стал?аны белгілі.

Алматы облысында өлтірілген Жарқынбек Долданның, Мұқият Зарылхановтың және Әлімхан Қадылбектің өлімі бойынша іс Алматы облысының прокуратурасына жіберілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне күдіктілердің бірі Мұрат Оңалбаевтың адвокаты Меркебек Мәкенбаев айтты. Сондай-ақ, үш ер адамның өліміне қатысы бар делінген Талғат Сүлеймановтың ұсталғаны белгілі.

Адвокат бұл істің прокуратураға айыптау актісін бекіту үшін жіберілгенін айтты. "Дүйсенбіде, 24 қазанда біз іс материалдарымен танысып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының аяқталуына қатысты құжаттарға қол қойдық. Екі күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы бойынша айыпталса, тағы біреуі "Қылмыс туралы хабарламау" бабы бойынша айыпты деп танылды. Іс Алматы облысының прокуратурасына айыптау актісін бекіту үшін жіберілді", - деді адвокат.

Еске салайық, қыркүйек айында Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Реклама
Реклама

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, ұсталғандар екі айға қамауға алынды - 24 қарашаға дейін.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама