Алматы облысында Өзбекстанда іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

© mediaite.com

Алматы облысында ?стал?ан 1987 жыл?ы ер адам 2016 жылды? ?азан айынан бері мемлекетаралы? іздеуде ж?рген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында ұсталған 1987 жылғы ер адам 2016 жылдың қазан айынан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдік азаматты Талғар АІІБ көші-қон полициясы профилактикалық рейдтер барысында Кеңдала ауылынан ұстаған. 

Полициядағылар ұсталған ер адамның уақытша қамауға алынғанын және экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. 

Реклама
Реклама

"Ер адамды өткен жылдың қазан айынан бастап Өзбекстан құқық қорғау органдары бері іздеужарияланған екен. Ол аса ірі көлемде ақша жымқырған. Біздің елде ол әр түрлі құрылыс нысандарында жұмыс істеп келген. Оның кім екені арнайы іздеуде жүрген адамдар базасы арқылы анықталды", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Алматы облыстық полициясының көмегімен жыл басынан бері басқа елдерде іздеуде жүрген 13 азамат ұсталды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама