Алматы облысында "Қазпошта" өртенді

Алматы облысында "Қазпошта" өртенді

Алматы облысында "Қазпошта" ұлттық пошта желісінің ғимараты өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облысында "Қазпошта" ұлттық пошта желісінің ғимараты өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 15 қыркүйекте таңғы 06:13-те Алматы облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылында болған. 

Жарнама
Жарнама

"Өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылындағы Қазпошта ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келген кезде ғимараттың қабырғасы мен төбесі өртке оранған болатын. Өрт сөндіруші мамандар дереу іске көшіп, сағат 07:00-де 21 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді", - дейді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері. 

Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама