Алматы облысында теракт жасамақ болған 15 адам ұсталды - ҰҚК

?лтты? ?ауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірлесе 13-24 ?а?тар аралы?ында Алматыда ж?не Алматы облысы ма?ында?ы аудандарда бір?атар арнайы операция ж?ргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?аза?стан Республикасы ??К баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.    

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірлесе 13-24 қаңтар аралығында Алматыда және Алматы облысы маңындағы аудандарда бірқатар арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Ведомство өкілдерінің айтуынша, 2 радикал топ пен діни-экстремистік идеологияны ұстанушы 6 адамның іс-әрекеті бейтараптандырылды.

"Терроризмді насихаттау, террористік іс-әрекетке қатысуға дайындалу, діни алауыздықты қоздыру және қаруды заңсыз сақтауға қатысты деген айыппен барлығы 15 адам қамауға алынды. Ұсталғандардың тұратын мекенжайларын тінту барысында 5 граната, халықаралық террористік ұйымдардың атрибутикасы, діни мазмұндағы әдебиет және ақпаратты электронды тасымалдауыштар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ қазіргі уақытта тергеу іс-қимылдарының жалғасып жатқаны хабарланып отыр.

"Көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру сонымен қатар "Универсиада-2017" жарысын өткізу кезінде қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етуге  ықпал жасады", - деп айта кетті баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама