Алматы облысында үш ағайындының өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

Алматы облысында ?ш а?айындыны? (Жар?ынбек Долдан, М??ият Зарлыхан ж?не ?лімхан ?адылбек) ?ліміне ?атысты іс материалдары сот органына т?сті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы іс Алматы облысыны? мамандандырыл?ан ауданаралы? сотында ?аралады. Сотталушылар ?атарында Тал?ат С?лейманов пен М?рат О?албаевтар бар. Олар?а ?Р ?ылмысты? кодексіні? 99-бабыны? 2-б?лігі ("Адам ?лтіру") бойынша айып та?ыл?ан. Сонымен ?атар, та?ы бір жергілікті малшы?а ?атысты "?ылмыс туралы хабарламау" бабы бойынша айып та?ыл?ан.

Алматы облысында үш ағайындының (Жарқынбек Долдан, Мұқият Зарлыхан және Әлімхан Қадылбек) өліміне қатысты іс материалдары сот органына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы іс Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Сотталушылар қатарында Талғат Сүлейманов пен Мұрат Оңалбаевтар бар. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылған. Сонымен қатар, тағы бір жергілікті малшыға қатысты "Қылмыс туралы хабарламау" бабы бойынша айып тағылған.

Еске салайық, қыркүйек айында Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп, із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Олар, Жарқынбек Долдан 1979 жылғы, Мұқият Зарлыхан 1973 жылғы және Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақсатна облысы Тарбағатай ауданынан 40 бас малмен Алматыға қарай шыққан. Кейінірек олардың мәйіті Ұзынағаштан 200 шақырым жерде табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстады. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, ұсталғандар екі айға қамауға алынды - 24 қарашаға дейін.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама