Алматы облысында үш ер адамды өлтірді делінген күдіктілер қамауға алынды

Алматы облысыны? Жамбыл ауданды? соты ?ш ер адамды ?лтірді делінген к?діктілерді ?амау?а алу туралы шешім шы?арды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ?стал?андар екі ай?а ?амау?а алынды  - 24 ?араша?а дейін. Осы?ан дейін ?Р ?ылмысты? кодексіні? 99-бабы ("Адам ?лтіру") бойынша сот?а дейінгі ?ндірісті? бастал?аны хабарлан?ан болатын.

Алматы облысының Жамбыл аудандық соты үш ер адамды өлтірді делінген күдіктілерді қамауға алу туралы шешім шығарды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұсталғандар екі айға қамауға алынды  - 24 қарашаға дейін. Осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі өндірістің басталғаны хабарланған болатын.

Бұл қылмысқа қатысы бар делінген 1971 және 1975 жылғы екі ер адамның ұсталғаны хабарланып отыр. Ал осыған дейін Алматы облыстық ІІД өкілдері ұсталғандардың Алматы облысының Жамбыл ауданының тұрғындары екенін хабарлаған.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Реклама
Реклама

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама