Алматы облысында жаңа бір аудан пайда болады

?Р Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Райымбек ауданын Кеген ж?не Райымбек аудандарына б?лу туралы туралы ?аулы?а ?ол ?ойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Райымбек ауданын Кеген және Райымбек аудандарына бөлу туралы туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеген ауданының орталығы Кеген де, Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылы болады екен.

"Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
 
"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Реклама
Реклама

1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама