Алматы облысында жол құрылысына қатысты дау шықты

Видеодан алынған кадр © КТК

Алматы облысындағы Алтын Орда базары маңайындағы жол құрылысына қатысты үлкен дау шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматы облысындағы Алтын Орда базары маңайындағы жол құрылысына қатысты үлкен дау шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жұмыстың қарқыны баяу деп шағымданған көлік жүргізушілері айналма жолдың зардабын тартып отырғанын айтады. Жолда сағаттап тұрудан шаршағандар айналма өткелге уақытша асфальт төсеп беруді талап етіп жатыр. Алайда мердігер компания бұған қаржы қарастылмағанын айтып, ауызды қу шөппен сүртіп отыр.

Телеарнадағылардың мәліметінше, Алматы-Бішкек тасжолының Алтын Орда базары маңайындағы 4 шақырымға жуық құрылыс жұмысына 9 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген. Бірақ қалаға кіретін басқа жол таппаған жүргізушілер айналма жолдың сиқына наразы.

Реклама
Реклама

"Шамалы сабыр керек енді. Ауа-райы толық жұмыс істеуге мүмкіндік бермей жатыр. Амандық болса жақында жасап береміз, халық риза болатын шығар. Осы тұрғанда көріп жатырсыз, грейдер тегістеп жатыр", - дейді мердігер компания өкілі Зор Нұрсадықов.

Алайда жүргізушілер бұған дейін жол тегістейтін көлік көрмедік дейді. Мамандар айналма жолға еш қаржы бөлінбегенін айтады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама