Алматы облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні болуы мүмкін - синоптиктер

Алматы облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні болуы мүмкін - синоптиктер © Lightsup.ru

Күннің жылынуына байланысты Алматы облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, бұл қауіп 16-18 сәуір аралығында сақталады.

"Алматы облысының таулы аймақтарында жылымықтың әсерінен 16-18 сәуір аралығында қар көшкіні болуы мүмкін. Қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар", - делінген ескерту хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер демалыс күндері ауа температурасының жоғарылайтынын ескертті. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама