Алматы облысының әкімі Қытайдың миллиардеріне жер бөлуден бас тартты

Алматы облысыны? ?кімі Аманды? Баталов Конституцияны? 26-бабына ?сыныл?ан ?згерістерге ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыс ?кімі халы??а есеп беру кездесуінде шекарада?ы жерлерді шетелдіктерге беруге жол беруге болмайтынын м?лімдеді.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Конституцияның 26-бабына ұсынылған өзгерістерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыс әкімі халыққа есеп беру кездесуінде шекарадағы жерлерді шетелдіктерге беруге жол беруге болмайтынын мәлімдеді.

"Қызметке тағайындалғанымда бөлмеме Қытайдың инвестор-миллиардері кірді. Ол шекара аймақтарындағы жерлерде егін шаруалығығымен айналысқысы келді. Жартылай шөлге айналған жер учаскесіне ол өз қаражатынан коммуникация тартып, шөлде "оазис" жасағысы келді. Бірақ осындай стратегиялық аймақты жерді беруге бола ма? Бірде-бір сантиметр жерді шетелдіктерге бермейміз. Жер мәселесі ұдайы бақылауда", - деді Амандық Баталов.

Әкімнің айтуынша, бүгінде облыста ауыл шаруашылығы мақсаттарындағы сегіз миллион гектардан аса жер бар.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама