Алматы облысының таулы аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

Алматы облысыны? таулы айма?тарында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ІІМ Т?тенше жа?дайлар комитетіні? сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының таулы аймақтарында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтына сілтеме жасап.

"Алматы облысының таулы аймақтарындағы қар жамылғысының биік болуына және жылымыққа байланысты 27-28 наурызда қар көшкінінің жүру қаупі бар", - делінген сайтта.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, туристерге "Медеу-Шымбұлақ" пен Үлкен Алматы көліне баруға шектеу қойылды.

Реклама
Реклама

"Қар көшкіні жүру қаупі болғандықтан қар басқан бөктерлерге шығуға кеңес бермейміз. Төтенше жағдайларға жол бермес үшін Департамент өкілдері тұрғындардан, қала қонақтары мен туристерден Алматы қаласында шыңдарға шықпауға кеңес береді", - деді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама