Алматы қалалық МКД ЭТҚ тергеушісі зергерлік бұйымдар мен ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Алматы қалалық МКД ЭТҚ тергеушісі зергерлік бұйымдар мен ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Алматы ?аласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалы? тергеу ?ызметіні? тергеушісі осы?ан дейін заттай ай?а?тар ретінде т?ркіленіп келген зергерлік б?йымдар мен а?шаларды жым?ырды деген к?дікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер департаментіні? Т?сіндірме ж?мыстары бойынша бас?армасына сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі осыған дейін заттай айғақтар ретінде тәркіленіп келген зергерлік бұйымдар мен ақшаларды жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндірме жұмыстары бойынша басқармасына сілтеме жасап.

"2017 жылдың 12 мамырында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу шараларының барысында зергерлік бұйымдар мен ақшалай қаражатты жүйелі түрде жымқырып келген Экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісін анықтады.Тергеу барысында тергеушінің экономикалық контрабанда туралы қылмыстық істі тергеу кезінде И есімді азаматшадан заттай дәлелдердің, алтын бұйымдардың камераға тапсырылмағаны анықталды", - деді Алматы қаласы бойынша МКД өкілдері.

Сондай-ақ, аға тергеушінің тағы бір қылмыстық істі тергеу барысында ақшалай қаражатты жымқырығаны белгілі болды. 

Реклама
Реклама

"Бұл деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі бойынша ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") сотқа дейінгі бірыңғай тергеудің реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің Ішкі істер органдары бойынша аға тергеушісі ұсталып, ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ведомстводағылар.

2017 жылдың 15 мамырында Алмалы аудандық соты күдіктіге қатысты екі айға қамау туралы шешім қабылдады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама