Алматы қаласы жастарының дельфий ойындары-2017 байқауының жеңімпаздары анықталды

© Бағлан Данабеков

Алматы ?аласында 14-25 жас аралы?ында?ы 300-ге жуы? жас  ?нерді? 17 т?рінен ?зара ба? сынайтын к?лемді "Алматы ?аласы жастарыны? дельфий ойындары-2017" бай?ауы ?тті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  

Алматы қаласында 14-25 жас аралығындағы 300-ге жуық жас  өнердің 17 түрінен өзара бақ сынайтын көлемді "Алматы қаласы жастарының дельфий ойындары-2017" байқауы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  

Қазақстан Ұлттық дельфий ойындарын биыл Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қолдауымен, Алматы жастарының Конгресі, Студенттер Альянсының ұйымдастыруымен XIII-рет өткізді. Ойындар жас таланттарды тауып, оларды қолдау, өскелең ұрпақ арасында мәдени мұраны насихаттау, оларға рухани, эстетикалық тәрбие беру, мәдениетаралық диалог пен ұлттық өнердің дамуына ықпал етуді көздейді.

Реклама
Реклама

Байқаудың нәтижесі бойынша ең үздік деп танылған жеңімпаздар: "скрипка" номинациясы бойынша - Ақынгер Айлин (10-15 жас) мен Бектұрова Малика (16-21 жас), "киім дизайны" номинациясында Пернебаева Гауһар, домбыра жанры бойынша Шәкенбаев Мұхамедәлі (10-15 жас) мен Жүлекен Жандос (16-21 жас), "дәстүрлі халық әні" аталымы бойынша Ерғалина Балауса, "фотосурет" шеберлерінің арасында Жакаева Офелия арнайы мақтау қағазымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қимылына көз ілеспес мың бұралған бишілердің арасындағы бәсекеде бас жүлдені "заманауи би" номинациясында "SAAD" би тобы, "халық биі" аталымында әртүрлі жас ерекшеліктеріне орай, "Сармат" (10-15 жас аралығы) пен "Нұрби" (16-21 жас) би топтары қанжығаларына байлады. Енді аталған жеңімпаздардың барлығы қаламыздың намысын - республикалық Ұлттық дельфий ойындарында қорғайтын болады. Ұлттық дельфий ойындарында жеңіс тұғырынан көрінген жастар халықаралық дельфий ойындарында еліміздің атынан өнер көрсетеді.

Дельфий ойындары - қатысушылар  арасынан талантты тұлғалар мен ерекше дарынды жастарды іріктеп алуға бағытталған, классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін біріктіретін кешенді байқау. Олимпиада ойындарымен бірге ежелгі Греция жерінде дүниеге келіп, XX-ғасырда қайта жандана бастаған дельфий ойындары бүгінде әлемнің 100-ге тарта мемлекетінде қолдау тапқан.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама