Алматы қаласы Жетісу ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Мұхтар Тәжібаев

Б?гін Алматы ?кімі Бауыржан Байбек Жетісу ауданыны? активіне ауданны? жа?а ?кімін таныстырды. ?Р ?кімшілігіні? ж?не Алматы ?аласы м?слихатыны? келісімімен ауданны? жа?а ?кімі болып М?хтар Т?жібаев та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жетісу ауданының активіне ауданның жаңа әкімін таныстырды. ҚР Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен ауданның жаңа әкімі болып Мұхтар Тәжібаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұхтар Тәжібаев - мемлекеттік қызметті 1993 жылы Туризм, денешынықтыру және спорт министрлігінің бөлім инспекторы ретінде бастаған. 1997-1998 жылдары Алматы қаласы ТЖ басқармасында жетекші маман, сектор меңгерушісі болған. 2001 - 2010 жылдар аралығында қалалық жалпы білім беру мекемелерінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. 2010 - 2012 жылдар аралығында "Нұр Отан" партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. 2012 жылдан бастап Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Еске салайық, ауданның бұрынғы әкімі Талғат Разақов Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы болып тағайындалған еді. Жетісу ауданында соңғы 4 жыл ішінде салық түсімі 21 пайызға артты, өндіріс өнімі 30 миллиард теңгеге (22%) жетті, негізі капитал инвестициясы екі есе өсті, 14 жеке балабақша мен 11 миниорталық ашылды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама