Алматы қаласының жаңа логотипі бекітілді

© Facebook.com

Қала құрылысы кеңесіндегілер Алматы қаласының жаңа логотипін бекітті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Абдуалиев хабарлады.

"Енді бұл логотип барлық өнімде, қаланы безендіруде, роликтерде кеңінен қолданылатын болады. Басқаша айтқанда, бұл логотип туристік мақсаттарда пайдаланылатын болады. Логотипке әлі де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Логотипке ұран жазса да болады", - деді Әсет Абдуалиев. Оның айтуынша, жаңадан бекітілген логотип қаламызға туристердің көптеп келуіне бағытталған.

Реклама
Реклама

Осыған дейін "Алматы қаласының 1000 жылдығының" үздік логотипі конкурсының авторлары жарияланған болатын. Жарнама агенттіктерінің бірінің жобасы үздік деп танылған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама