"Алматы-Қапшағай" теміржол қозғалысы тоқтатылды

© Тengrinews.kz

"Алматы-?апша?ай" теміржол ба?ытында жолаушылар легі т?мендеген. Сонды?тан Алматы ?кімдігі істі? экономикалы? ма?ызын ескере келіп атал?ан ба?ытта?ы теміржол ?оз?алысын то?тату туралы шешім ?абылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ?кімдігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. "Алматы-?апша?ай" автомобиль трассасыны? пайдалану?а берілуіне орай "Алматы-?апша?ай" теміржол ба?ытында жолаушылар легі т?мендеген. 

"Алматы-Қапшағай" теміржол бағытында жолаушылар легі төмендеген. Сондықтан Алматы әкімдігі істің экономикалық маңызын ескере келіп аталған бағыттағы теміржол қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Алматы-Қапшағай" автомобиль трассасының пайдалануға берілуіне орай "Алматы-Қапшағай" теміржол бағытында жолаушылар легі төмендеген. 

Әкімдік мәліметінше, 1 сәуірден бастап "Алматы-Ұзынағаш" электричкасы екі реттен жиі жүретін болады.

"Алтын Орда" базары маңындағы авотомобиль жолдарын қайта жасау жұмыстарының басталуына және жолдың осы бөлігінде көлік кептелісінің көп белең алуына, сонымен қатар жолаушы легінің артуына орай "Алматы-Ұзынағаш" теміржол бағытындағы қозғалыстарды күніне 2-ден 4 рейске дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Алматы қаласының әкімдігі 2017 жылы "Алматы-Қапшағай" және "Алматы-Ұзынағаш" теміржол бағыттарын ашқан еді. Аталған бағыттарды субсидиялау нәтижесінде жол ақысы 80 теңге болды әрі бұл шара жолаушыларды көлікпен заңсыз тасымалдаумен айналысатындардың жолын кесті. Бұлардан өзге, бағыт вагондарына "Оңай" терминалдары орнатылған, бұл жолаушыларға кассаға бармай-ақ жолақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама