Алматы-Талдықорған тасжолы ақылы болады: Әкімдік түсінік берді

© Тұрар Қазанғапов

Алматы-Талды?ор?ан тасжолы а?ылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы-Талдықорған тасжолы ақылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 16 мамырда Талдықорғанда республикалық Алматы-Талдықорған тасжолында төлем терминалын салу жөнінде қоғамдық тыңдалым өтеді.

"Алматы облысы мен Талдықорған жүргізушілерінің назарына! Қаладан шығаберіс жерде Алматыға қарай өтетін жол ақылы болады деп жоспарланып отыр. Бүгін сағат 16.00-де осы мәселе бойынша отырыс өтеді. Келіңіздер!",- делінген әлеуметтік желілердегі топтардың бірінде таралған хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл мәліметті "ҚазАвтоЖол" АҚ облыстық филиалының өкілдері растады.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта жобалау процесі жүріп жатыр, ал кейінірек терминалға қатысты жоба халықпен талқыланады.

Облыстық әкімдік өкілдерінің мәліметінше, тасжол 2019 жылы терминал құрылысы аяқталған соң ғана ақылы болады. 

"Бүгін жоба жайлы әңгімелесеміз. Тариф жайлы әзірше қарастырмаймыз. Бірақ дегенмен басқа өңірлердегі тәжірибелерді ескеретін боламыз", -  деп хабарлады Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жүкел.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама