Алматы зообағы: хакерлер жирафтың өліміне қатысты жалған ақпарат таратты

Алматы зообағындағы жирафтар © Айжан Түгелбаева

Алматы зооба?ы, ?здеріні? ресми сайты хакерлік шабуыл?а ?шыра?анын м?лімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы зообағы, өздерінің ресми сайты хакерлік шабуылға ұшырағанын мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мекеменің баспасөз қызметшісі Тоқтар Әлиевтің айтуынша, белгісіз біреулер Мелман жирафының өліміне байланысты сараптама қорытындысын өзгертіп жариялаған. Осыған дейін жирафтың бас миында ісік пайда болып, белгісіз этиологиядан өлген деп хабарланған. Алайда бұл мәліметті зообақ жоққа шығарды. 

"Сайтқа шабуыл жасалды. Сол уақытта жирафтың неліктен қайтыс болғаны туралы сараптам қорытындысы жарияланған. Негізінде біз ол қорытындыны әлі алған жоқпыз, ал олар сайтта белгісіз жағдайда пайда болды. Онда оның ми жарасынан өлгені жарияланған. Бұл өтірік. Қызмет көрсету орталығы сайтқа кіріп, он басқара алмағанын мәлімдеді. Тек бүгін олар сайтты реттеп, қайта қалпына келтірді. Басқа да тізбектер дұрыс. Қазіргі уақытта тексеріп жатырмыз, ішкі топ жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Реклама
Реклама

Осыған дейін, зообақ сайтында өлім аузында жатқан, немесе біраз уақыттан бері ауырып жатқан жануарлар туралы мәліметтер шыққан. Ауыр халде: қара гриф, америалық сары құрсақ абжылан және суматралық кобра. Тізімдегі басқа да жануарларды мына жерден көруге болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама