Алматыда 2300 адам қар тазалап жатыр

© Алматы әкімдігі

Алматыда ?ар са?ат та??ы 04.00-ден бері тазаланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ?кімдікті? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматыда қар сағат таңғы 04.00-ден бері тазаланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, жауған қардың биіктігі сағат 08.00-де 10 сантиметрге, ал таулы аймақтарда 15 сантиметрге дейін жеткен.

Реклама
Реклама

"07.00-де қарды тазалауға арналған арнайы техника жұмылдырылды. 604 арнайы техника қолданылып жатыр. Жұмысшылардың саны - 2 322 адам", - деп хабарлады Алматы әкімдігіндегілер.

Сондай-ақ, әкімдік өкілдері "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасай отырып, қардың 28 желтоқсанға дейін тоқтаусыз жаууы мүмкін екенін айтады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама