Алматыда 4 мыңнан аса текше метр қар шығарылды

© YouTube

Алматы ?аласында 2018 жыл?ы 6 а?пан к?ні са?ат 16-00 ден бастап 23-00-ге дейін ?ар жауды. ?алада жау?ан ?арды? биіктігі - 6 сантиметр, тауда ж?не таулы айма?тарда - 12 сантиметрге дейін жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ?кімдігі баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласында 2018 жылғы 6 ақпан күні сағат 16-00 ден бастап 23-00-ге дейін қар жауды. Қалада жауған қардың биіктігі - 6 сантиметр, тауда және таулы аймақтарда - 12 сантиметрге дейін жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"6 ақпан күнгі кешкі қарбалас уақыттан кейін, полицияның патрульдік машиналарының алып жүруімен қарды тазалауға 180 бірлік қар тазалағыш техникадан құралған 20 колонна ұйымдастырылды, жиналған қар үйіліп, түнімен шығарылды. Ақпанның 6-нан 7-не қараған түні 4280 текше метр қар шығарылды. Қар жауған кезден бастап жолдарға мұзды ерітетін материалдар себілді. 7 ақпан күнгі сағат 09-00-дегі жағдай бойынша барлығы 4635 тонна мұзға қарсы қоспа пайдаланылған.", - делінген хабарламада. 

Қар тазалау жұмыстарына 575 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жолдарды тазалаған жұмысшылар саны 2110 адамды құрады. Аудандық әкімдіктерде және қалалық әкімдікте қарды тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Қарды тазалау жұмыстары жалғасуда.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама