Алматыда 8-9 маусым күндері күн ыстық болады

© Tengrinews.kz

Алматы мен Алматы облысының тұрғындарына температураның жоғарылауына байланысты алдын ала ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, Алматыда 8-9 маусым күндері температура 31-36 градусқа жетеді.

Еске сала кетейік, синоптиктер осы айда үш рет суық түсіп, оның соңы жылы ауа райымен ауысатынын айтқан болатын. Еліміздің батысында 34 градус жылы болса, оңтүстігінде 40 градустан жоғары болады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама