Алматыда Абылай хан мен Сейфуллин даңғылдарында біржақты қозғалыс енгізілуі мүмкін

Алматыда Абылай хан мен Сейфуллин даңғылдарында біржақты қозғалыс енгізілуі мүмкін © auto.sumy.ua

Алматыда Абылай хан мен Сейфуллин да??ылдарында біржа?ты ?оз?алыс болуы м?мкін. Б?л туралы ?аланы? к?лік инфра??рылымын дамыту бойынша ж?мыс тобыны? ке?ейтілген жиынында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Абылай хан мен Сейфуллин даңғылдарында біржақты қозғалыс болуы мүмкін. Бұл туралы қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс тобының кеңейтілген жиынында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының автожол жөніндегі жобасының бас инженері Елена Шпенцтің айтуынша, Алматыда кіші көлік айналымы шегінде жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасының аясында Сейфуллин даңғылында Райымбек даңғылы мен Сәтбаев көшесінің аралығында оңтүстік бағытқа қарай біржақты қозғалыс енгізіледі. 

Наурызбай көшесімен солтүстік бағытқа қарай біржақты қозғалыс енгізіледі. Желтоқсан көшесінің бойымен - оңтүстік бағытқа қарай. Сондай-ақ, Абылай хан даңғылын Райымбек пен Абай даңғылдарының арасында солтүстік бағытқа қарай біржақты қозғалыс болатыны айтылады.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама