Алматыда "Алатау" кинотеатры сүрілді

Алматыда "Алатау" кинотеатры сүрілді © Николай Колесников

Алматыда "Алатау" кинотеатры сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кинотеатрдың алдыңғы беті түгелдей сүріліп болды, онда енді атақты "Американский бар и гриль" мейрамханасы да жоқ. Сүру бойынша жұмыстар белсенді жүріп жатыр, кем дегенде екі экскаватор тартылған. Айта кетейік, жұмысшылар биік қоршау салып, оған жасыл тор ілген.

Еске салайық, "Алатау" кинотеатрының орнында McDonald's (Макдональдс) пайда болады. Алайда бұл жаңалық қоғамда наразылық туғызған еді. Интернет қолданушылары фаст-фуд құрылысына қарсы флешмоб ұйымдастырған да болатын.

Реклама
Реклама


© Николай Колесников

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама