Әнуар Өскенбаев партия Орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнуар Өскенбаев әр жылдары Индустрия министрлігінде, 5 жылдан аса уақыт Есеп комитетінде жұмыс істеді. Nur Otan партиясының Орталық аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы болды.
2015 жылы Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2018 жылы Әуезов ауданының әкімі болды.