Алматыда бағаналарға хабарландыру жапсырғандар жазаланады

©Ярослав Радловский

Алматыда бағаналарға хабарландыру жапсырғандарға жаза қолданылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматыэлектротранс" ЖШС мамандарына сілтеме жасап.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, қаладағы бағаналардың бәрі тазартылып, сырланған. Соған байланысты қала тұрғындарына электр желілері тіректеріне хабарландыру жапсыруға тыйым салынатыны ескертіледі. Ол кез келген ақпараттық хабарламаға, әсіресе, концерт жарнамаларына қатысты. Бағаналарға сырмен жазба қалдыруға да тыйым салынады. Бұл ережені бұзғандар "Көріктендіру талаптарын бұзу" және "Жүгенсіздік" баптары бойынша жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді және келтірілген материалдық шығынды өтейтін болады.

Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізілген болатын. Мысалға, онда көшеде адамдардың мазасын алатын жезөкшелер мен қайыршыларға, бақсы-балгерлерге де жаза қарастырылып отыр. Бұл бап "Қоғамдық орындарда жабысу" деп аталады. Бірінші рет жасалған заңбұзушылық үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, заңды қайта бұзғандар қамауға алынады. Заң шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да мейлінше қатаң қарамақ. Қоғамдық орындарда бір рет жұрттың мазасын алғаны үшін олар бес тәулікке дейін қамалуы мүмкін, кейін ел аумағынан шығарылады.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама