Алматыда бірнеше ғимаратқа "жарылғыш зат" қойылды

Алматыда бірнеше ғимаратқа "жарылғыш зат" қойылды. Әлеуметтік желіде Медеу аудандық сот ғимаратын қоршауға алып жатқан видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда бірнеше ғимаратқа "жарылғыш зат" қойылды. Әлеуметтік желіде Медеу аудандық сот ғимаратын қоршауға алып жатқан видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео авторының мәліметінше, Медеу аудандық сот ғимаратына жарылғыш зат қойылған. 

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр екен. 

Реклама
Реклама

"Қаланың шұғыл және жедел қызметтері Алматы аумағындағы бірқатар нысандарға, соның ішінде сот ғимараттарында қойылған жарылғыш құрылғылар туралы дабыл алғаннан кейін комиссиялық тексерулер жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полицейлер адамдар мен көлік құралдарын эвакуациялады. Жарылғыш затты іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

"ПД жедел басқару орталығы мәліметінше, бірнеше нысан бойынша тексеру шаралары аяқталды. Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты", - деді полиция өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама